Ауа райы • 24 Мамыр, 2024

Жел, найзағай, үсік: Еліміздің барлық облысында ескерту жарияланды

88 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Бүгін республиканың барлық өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Өңірлерде жел соғып, найзағай ойнайды. Ал кейбір облыста үсік жүруі ықтимал, деп хабарлайды Egemen.kz

Жел, найзағай, үсік: Еліміздің барлық облысында ескерту жарияланды

Фото: freepik.com

Ұлытау облысы

Күндіз Ұлытау облысының батысында оңтүстік шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с жел күтіледі.

Жетісу облысы

Жетісу облысының Алакөл көлдері аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Қарағанды облысы

Түнде және таңертең Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде найзағай соғады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысы

Түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Алматы облысы

Күндіз Алматы облысының оңтүстігінде кей уақытта найзағай күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын жел батыс бағытқа ауысады, күндіз облыстың орталығында, шығысында екпіні 15-20 м/с. Алматы қ.: 24 мамырда кешке найзағай күтіледі, найзағай кезінде жел екпіні 15 м/с. Қонаев қ.: 24 мамырда кешке найзағай күтіледі, шығыстан соғатын жел батыс бағытқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Атырау облысы

Түнде және таңертең Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады Атырау қ.: 24 мамырда түнде және таңертең найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с.

Түркістан облысы

Таңертең және күндіз Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкент қаласы

Таңертең және күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Түркістан қ.: 24 мамырда таңертең және күндіз кей уақыттарда найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Астана

Астана қаласында 24 мамырда кей уақыттарда найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысы

Күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстіктен соққан жел батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с болады. 24 мамырда облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысы

Күндіз Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысы

Батыс Қазақстан облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Орал қаласында 24 мамырда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с.

Маңғыстау облысы

Күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтауда 24 мамырда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Павлодар облысы

Түнде солтүстігінде, күндіз Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай жарқылдайды. Солтүстіктен жел соғады, күші найзағай кезінде 15-20 м/с. Павлодар қ: 24 мамырда күндіз найзағай күтіледі.

Абай облысы

Абай облысының орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысы

Петропавлда 24 мамырда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

Жамбыл облысы

Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың таулы аудандарында найзағай, күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі. Таразда 24 мамырда күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысы

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Өскеменде жоғары өрт қаупі күтіледі.

Ақтөбе облысы

Ақтөбе облысының түнде солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр қарға ауысады), күндіз жаңбыр, облыстың солтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр жауады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. 25 мамырда түнде облыстың солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр қарға ауысады) жауады. 24-25 мамырда солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың шығыс бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с. 24-25 мамырда түнде облыстың солтүстік-батысында 1-3 градус үсік күтіледі.

Соңғы жаңалықтар