Денсаулық • 24 Мамыр, 2024

Денсаулық сақтау министрлігі жазғы лагерьлердегі қауіпсіздікті қамтамасыз етеді

60 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Балалардың демалысына қойылатын негізгі талаптар жарияланды. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жазғы балалар лагерлеріндегі қауіпсіздікті қадағалауға уәде берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Денсаулық сақтау министрлігі жазғы лагерьлердегі қауіпсіздікті қамтамасыз етеді

Фото: openbusiness.ru

Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, жазғы демалысқа дейін сумен қамтамасыз ету, азық-түлік сапасы мен гигиеналық талаптарға бақылауды күшейту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«45 маусымдық қала сыртындағы демалыс орындары бақылауға алынды. Бүкіл маусым бойы мамандар су қоймалары мен бассендердің жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізетін болады. Сондай-ақ лагерьлердің  аумағы қоршалып, тазалығы, азық-түлікпен және  медициналық көмекпен қамтамасыз етілуі де - басты талаптардың бірі. Лагерь иелері балалар келгенге дейін лагерьлердің дайындығын тексеруі керек. Ата-аналар балаларын лагерьге жіберер алдында олардың денсаулығын қадағалап, лагерь туралы ақпараттарды білгені зәлім.  Егер құқық бұзушылықтар болса, бұл туралы тиісті ұйымдарға хабарлау қажет», делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Бөлім балалардың қауіпсіз демалуы үшін сақталуы тиіс бірқатар ұсыныстар берді.

Жазғы балалар ұйымдарының иелері:

  • Балалардың келуі басталғанға дейін лагерлерді ашуға уақтылы және сапалы дайындауды қамтамасыз ету және лагердің белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігін растайтын санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алуы тиіс.
  • Жұмысқа рұқсаты бар жеке медициналық кітапшалары жоқ адамдарды балалармен және ас блогымен жұмыс істеуге жібермеуі тиіс. Қызметкерлерді медициналық қарап-тексеруге уақтылы жіберуі тиіс.
  • Балалардың саны лагердің қуатына (жатын бөлмелері, ас блогындағы технологиялық жабдықтар) сәйкес келуі тиіс.
  • Балалардың сырқаттануының алғашқы белгілерінде – жақын жердегі медициналық ұйымға хабарласуы тиіс.

Ата-аналар:

  • Лагерді таңдау кезінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтында орналастырылған балаларды сауықтыру ұйымдарының тізбесін басшылыққа алуы тиіс.
  • Баланы қала маңындағы лагерге жібермес бұрын оның жай-күйін тексеру керек. Баланың аллергиясы, созылмалы аурулары және тағамдық артықшылықтары туралы алып жүретін адамға (педагогқа) алдын-ала ескертуі, бұл туралы баланың медициналық анықтамасында да жазылуы керек.
  • Бұзушылықтардың барлық фактілері бойынша Комитеттің аумақтық бөлімшесіне жүгіну қажет (байланыс телефондары мен мекенжайлары ресми сайттарда орналастырылған).

 

Алтынай АБДЫШ,

ЕҰУ студенті