Аймақтар • 26 Мамыр, 2024

Алматы облысында тауға шыққан 11 бала адасып кетті

93 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысының тауларында адасып кеткен 11 жасөспірімге республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері көмектесті, деп жазады Egemen.kz.

Алматы облысында тауға шыққан 11 бала адасып кетті

ТЖМ таратқан дерекке қарағанда, таңертең жасөсіпірімдер қар аралас жаңбырға қарамастан, тауға шыққан. Оларды құтқарушылар Турист шыңынан (3954 м) тапты.

«Республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері кинологиялық қызметпен бірлесіп тауға шығып, топтың бес мүшесін тапты. Құлаған тастан жарақат алған жасөспірімге дәрігерге дейінгі көмек көрсеткеннен кейін құтқарушылар туристерді төмен түсіріп, әрі қарай тексеру үшін медицина және апаттар орталығының мамандарына тапсырды. Біраз уақыттан кейін қалған жасөспірім табалды. Бәрі аман-есен»,- делінген хабарламада.