Қоғам • 27 Мамыр, 2024

Әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасы арзандады

138 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл басынан бері республикада әлеуметтік маңызы бар өнімдер бағасының өсуі 0,2%-ға дейін баяулады, өткен аптада көрсеткіш 0,1% құраған. Қазіргі бағаға қатысты жағдай Үкіметте вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кезекті кеңесте қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасы арзандады

Фото: ОКҚ

Бір апта ішінде қырыққабат бірден 10,4%-ға арзандады, оған Түркістан облысында жаңа өнім алу әсер еткен. Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова атап өткендей, қырыққабатты сатып алуға сауда желілері қосылды, ішкі нарық жаппай толығып жатыр.

Күнбағыс майы (-0,6%), қарақұмық жармасы (-0,4%), С1 санатындағы тауық жұмыртқасы (-1,4%) бағасының төмендеуі байқалып жатыр. Сонымен қатар «төмен бағалар» тобында сүзбе (-0,2%), тауық еті (-0,2%), айран - майлылығы 2,5% (-0,4%), тұз (-0,1%) және 1 сұрыпты бидай ұны (-0,1%) бар.

Үкімет

Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан тұрақтандыру қорларындағы көкөніс қорларының көлемі бойынша деректер айтылды. Өңірлерге күзгі өнімді келесі маусымаралық кезеңге жеткізуге форвардтық шарттар жасасу бойынша жұмыс жүргізу тапсырылды.

Серік Жұманғарин өңірлерге алдағы апта ішінде бағаны тұрақтандыруды қамтамасыз етуді және қажетті көлемде жаңа өнім жеткізуді жеделдетуді тапсырды.