Медицина • 28 Мамыр, 2024

Дәрігерлер біліктілігі айқындалды

22 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына жыл сайын кемінде 35 мың науқас медициналық көмекке жүгінеді, оның 14 мыңнан астамы стационарлық көмекке жатқызылады. Медициналық мекеменің жетістіктері мен ауруханаға жатқызудың жоғары деңгейі тек мықты басшылық пен білікті ұжымға байланысты болса керек. Бұлай деуімізге – Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін дәлелдеп, сыртқы кешенді бағалаудан сәтті өтуі дәлел.

Дәрігерлер біліктілігі айқындалды

«Халық денсаулығы және ден­­саулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің, сыртқы ке­шен­ді бағалау нәтижелері және аккредиттеу комис­сия­сының шешімі негізінде бірінші санат тағайын­да­ла отырып, 3 жыл мерзіміне аккредиттелген деп танылады. Осы куәлік денсаулық сақтау субъектісі қызметінің Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу стандарттарына сәй­кес­тігі туралы куә­лан­ды­ра­ды», де­лін­ген хатта.

Жалпы, медицинадағы аккредиттеу – бұл ден­саулық сақтау мекемесінде халыққа меди­ци­­налық қызмет көр­сету­­дің жо­ғары деңгейінің ресми дә­ле­лі. Тексеріс ке­зін­де ұлттық стандарттар бойынша ұйымдағы бөлім­ше­лер мен үдерістер, яғни стра­тегиялық және опе­­ра­циялық жоспарлау, па­циент­терді емдеу және күту, па­циенттердің қауіп­сіз­­дігі, ғимараттар, инфекцияны бақылау, сапаны, тәуе­келдер мен ресурстарды бас­қару, пациенттердің құқық­та­рын сақтау, халық­пен жұмыс және кадр саясаты бағаланады. Аккредиттеу медициналық ұйым­ның белгі­лен­ген сапа стандарт­тарына сәй­кес­тігін растайды. Сондықтан медициналық мекемеде аккредиттеу тура­лы сертификаттың болуы пациенттің қызмет сапа­сының, жайлылығы мен қауіп­­сіз­дігінің жоғары стандар­тын көрсетеді.

«Алматы көпсалалы кли­­ни­калық ауруханасы – Ал­маты облысының халқы үшін жетек­ші меди­циналық қызмет көрсету орталығы. Клини­ка­да ең күрделі нау­қас­тарды уақ­тылы диаг­нос­тика жасау және емдеу үшін барлық мүм­кіндік бар. Аурухана заманауи диагностикалық жаб­дықтармен қамтылған. Қазір­гі уақытта клиника дәрі­­гер­лері 25 бағыт бо­йын­­ша жоғары тех­но­­ло­гия­лық медициналық қыз­мет көрсетеді және жыл басынан бері жүзден аса операция жасады. Осылайша, клиника рес­публикалық деңгейде жоғары технологиялық операциялар бойынша көшбас­шылық позицияға көтерілді. Ауру­ханада жоғары санатты 214 білікті дәрігер және 684 орта, кіші медицина қызметкері жұмыс істейді. Олар біліктілігін арттыру мақсатында республика бо­йынша және шетелдерде үнемі білім алып, тәжірибе алма­сады», дейді IAMS бас директоры Жұмағали Исмаилов.

Өз кезегінде Алматы көп­­са­ла­лы клиникалық ауру­­­­­­ха­на­сының директоры Эльмира Берікова сәтті аккре­диттеу – бұл медицина қызмет­кер­ле­рінің, әкімшілік қызметкерлердің және мекеме басшылығының ұжым­­дық еңбегі мен адал­ды­ғы­ның нәтижесі еке­нін атап өтті.

 

Алматы облысы