Экономика • 28 Мамыр, 2024

Биыл металлургия саласында 21 жобаны жүзеге асыру жоспарланған

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл металлургия саласында жалпы инвестиция көлемі 464,2 млрд теңгені құрайтын 21 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл металлургия саласында 21 жобаны жүзеге асыру жоспарланған

Фото:kapital.kz

«Биыл металлургия саласында жалпы инвестиция көлемі 464,2 млрд теңгені құрайтын 21 жобаны жүзеге асыру және 4700-ден астам жұмыс орнын құру жоспарлануда», деді Қанат Шарлапаев.

Министр олардың қатарында Қарағанды ​​облысындағы қазақстандық TЭMPO Қазақстан болат құбырлар шығаратын зауыты мен Шымкент қаласындағы QazAlPack алюминий қаптамасының өндірісін жаңғырту жобасы бар екенін атап өтті.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті