Қоғам • 28 Мамыр, 2024

Алматы полиция басшысының бұрынғы орынбасары ұсталды

56 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бас прокуратура Алматы полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары ұсталғанын растады, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Алматы полиция басшысының бұрынғы орынбасары ұсталды

фото: gov.kz

Бас прокуратура 2022 жылдың қаңтарында Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қошмамбет ауылында орналасқан арнайы ұстау изоляторында азаматтарды азаптау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

«Тергеліп жатқан қылмыстық іс шеңберінде, 2024 жылғы 28 мамырда ҚПК-нің 128-бабына сәйкес Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Берік Әбілбеков ұсталды», делінген хабарламада.

Ведомство хабарлағандай, іс бойынша өзге ақпарат жария етуге жатпайды.