Қоғам • 28 Мамыр, 2024

Түркістан облысының мемлекеттік туды қорлаған тұрғыны жазаға тартылды

37 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан қалалық сотында мемлекеттік туды қорлап, әлеуметтік желіге салған Сауран ауданының тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістан облысының мемлекеттік туды қорлаған тұрғыны жазаға тартылды

Сотталушы Сауран ауданы, Ибата ауылындағы орталық көшеге ілінген мемлекеттік туды суретке түсіріп, желіге жүктеген. Содан астына Мемлекеттік туды қорлайтын сөздер жазған.

Алайда жарияланған постқа оқырмандардың наразы пікірі көбейіп кеткендіктен, салған жазбасын өшіріп тастаған. Қылмыстық әрекеттер іс материалдарына тіркелген құжаттармен толық дәлелін тапты.

Сот үкімімен сотталушы ҚК-нің 372-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

- Сотталушыға қолданылған "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы "ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлқын ұстау туралы" қолхатына өзгертіліп, ол сот залынан қамаудан босатылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ, - делінген Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.