Оқиға • 31 Мамыр, 2024

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінді

62 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жер сілкінісі Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында болды, деп хабарлайды Egemen.kz Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығына сілтеме жасап.

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінді

фото: aikyn.kz

Жерасты дүмпулері Астана уақытымен 10:13-те тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Бішкектен солтүстік-шығысқа қарай 32 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің күші 4,4 балды құрады. Қазақстан аумағында сезілгендігі туралы мәлімет жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда ауқымды сейсмикалық дайындық жұмыстары жүргізілетіні хабарланған. «Жер-2024» оқу-жаттығулары 3 және 4 маусымда Алматы, Шымкент, Абай және Жетісу облыстарында, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында өтеді. Оқу-жаттығуды үйлестіру жөніндегі республикалық штаб Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында орналасқан.