Оқиға • 31 Мамыр, 2024

Астанада кран машинисі биіктен құлап, қайтыс болды

95 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлеуметтік желіде елордадағы құрылыс алаңында болған қайғылы оқиғаның видеосы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада кран машинисі биіктен құлап, қайтыс болды

фото: telegram/halyqstan

Видео авторының айтуынша, оның үйіндегі терезелер құрылыс алаңына қарайды екен.

«Бүгін таңертең жақсы көңіл-күймен кофе ішіп құрылыс алаңына қарадым. Үстелге отырсам құрылыс кранына көзім түсті. Сол сәтте менің көз алдымда краншы биіктіктен құлап, жарақат алды. Оқиға орнына адамдар жиналып, жедел-жәрдем шақырды. Мен мұндай қайғылы оқиғаны бұрын соңды көрген емеспін», дейді ол.

Астана полиция департаменті оқиғаны растап, жағдайға қатысты түсініктеме берді.

«Мұнаралы краннан түсу кезінде оператор биіктіктен құлап, алған жарақатынан қайтыс болды. Аталған факті бойынша «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде, ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес қажетті сараптамалар тағайындалды, басқа мәліметтерді жария етуге жатпайды», деп хабарлады баспасөз қызметі.

 

Алтынай АБДЫШ,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті