Қоғам • 01 Маусым, 2024

«125 млн теңге ерекше балаларға»: Астанада қайырымдылық марафоны өтті

100 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1 маусым Балаларды қорғау күніне орай Триатлон саябағында «Charity Samruk Marathon – 2024» қайырымдылық марафоны өтті. Жиналған қаражат ерекше балаларды қолдауға жұмсалады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«125 млн теңге ерекше балаларға»: Астанада қайырымдылық марафоны өтті

Фотолар: «Самұрық-Қазына» АҚ

Бұқаралық жүгіруге қатысқан 1200-ден астам әуесқой спортшылардың көбі – «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қызметкерлері.

Самұрық қазына

Жарыс 5 және 10 шақырым қашықтық бойынша өтті. Бұдан бөлек, 400 метрлік және 1 шақырымдық жарысқа 6 жастан асқан 200-ден астам бала қатысты.

Бүгінгі іс-шараның мақсаты – бұқаралық спортты насихаттаумен ғана шектелмейтінін, ерекше балаларды қолдау үшін қаражат жинастыру жалғастырылып жатқанын айтқан «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов: «Бір айдың көлемінде біз 125 млн теңгеден астам қаражат жинадық, аталған қаражаттың барлығы Астана қаласының мектептері мен балабашаларында инклюзивті кабинеттер ашуға жұмсалатын болады», деді.

 

Самұрық-қазына