Кино • 04 Маусым, 2024

Бір сахнасы – 600 мың доллар: Джеки Чан қазақ киносына неге түспей қойғаны белгілі болды

65 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

“Хотя бы кинода – 3” киносының продюсері, актер Қайрат Әділгерей Джеки Чанды жобаға шақырмақ болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бір сахнасы – 600 мың доллар: Джеки Чан қазақ киносына неге түспей қойғаны белгілі болды

Өнер иесі Динара Сәтжанға берген сұхбатында танымал қытай актерінің ризашылығын алғанын жасырмады.

- Осы жоба басталмас бұрын Нұргүл Даубаеваның таныстары арқылы Қытаймен байланысқа шығып, Джеки Чанды шақыруға оқталдық. Бір сахнаға 600 мың доллар сұрады. Өкінішке қарай, ол кісінің кестесі 1 жыл алға жазылып қойған екен. Сонымен сәті түспеді, – деді актер.

Сонымен қатар актер Джеки Чанның киноға түсуге келісім бергенімен, уақыты болмағанын алға тартты.

- Джеки Чан мырза Қазақстанды қатты сыйлайды екен. "Әсіресе, Димаштан кейін Қазақстанды қатты жақсы көріп қалдым, халқы қонақжай. Өкінішке қарай, кестем сәйкес келмейді. Бірақ қыркүйек айының 15-іне қарай түсіп бере аламын" деді. Ал біз түсірілімді күзге қалдыра алмадық, – деді әзілкеш.