Оқиға • 05 Маусым, 2024

Жамбыл облысында орман өрті бір тәуліктен соң ауыздықталды

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысында орман өртенді. Өртті сөндіру үшін өрт сөндірушілерге бір тәулік уақыт қажет болды, деп хабарлайды Egemen.kz

Жамбыл облысында орман өрті бір тәуліктен соң ауыздықталды

фото: Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі

Облыстық ТЖД-ның хабарлауынша, «Меркі орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі» КММ Сарықоба орманшылығының аумағында құрғақ шөптер мен бұталар өртенген. 

1 800 гектарды қамтыған өрт 5 маусымда сағат 15:08-де сөндірілді.

«Өртті сөндіруге 314 адам, 72 бірлік техника және бір тікұшақ, оның ішінде орман шаруашылығынан 161 адам және 38 бірлік техника, Қазавиақорғаудан алты адам және бір тікұшақ, Жамбыл облысы ТЖД 86 адам және тоғыз бірлік техника, жергілікті атқарушы органдардан 61 адам және 25 бірлік техника жұмылдырылды», деді Жамбыл облысының ТЖД баспасөз қызметіндегілер.

Соңғы жаңалықтар

Ең қиын есеп шешімін табады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:35

Кофе жасартады

Таным • Бүгін, 08:30

Астанада – әлем кубогі

Бокс • Бүгін, 08:25

3 тұрғыны бар мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Сөз қазынасын зерделеген

Тұлға • Бүгін, 08:15