Қоғам • 06 Маусым, 2024

Керек дерек

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Дәніккеннен құныққан жаман». Құмар ойынға құныққандар ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүреміз деп күн санап құрдымға кетіп жатыр. Букмекерлік кеңселердің әуелде ас татырып арбағанымен, кейіннен аш қатырып сан соқтыратыны әмбеге аян. «Мыңды жеңген – батыр емес, өз-өзін жеңген – батыр» демекші, бәс тігуден бас тартқандар енді «eGov mobile» қосымшасы арқылы құмар ойындарға қатысуын шектей алады.

Керек дерек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрыл­тайда азаматтардың жекелеген санаттары үшін құмар ойындарға қатысты шектеулерді күшейтуді тапсырған еді. Жеңіл жолмен ақша тапқысы келіп, тапқан-таянғанын желге ұшырып жатқан жандарға Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустрия­сы комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы бірлесе құмар ойынның құрығынан құтылудың онлайн форматын ұсынды.

Жаңа қызметті ресімдеу үшін «eGov mobile» мобильдік қосымшасында «Қызметтер», содан кейін «Спорт» бөліміне өту керек. Содан соң «Құмар ойындарға немесе бәс тігуге қатысуды шектеу жөніндегі сервисті» таңдайсыз. Ашылған бетте шектеу мерзімінің уақытын анықтап, «Қызметке тапсырыс» түймесін басу қажет. Әрі қарай жылдам қол жеткізу кодын немесе биометрияны пайдаланып қызметке қол қоясыз. Осылайша, өтінім мәртебесімен таныса аласыз. Айта кетейік, құмар ойындарға қатысуын шектегісі келетін азаматтар өтінімді ЭЦҚ арқылы беруге тиіс. Үшінші тұлғалардың өтінім беруіне жол берілмейді.

«Ұлттық ақпараттық тех­ноло­гиялар» АҚ басқарма төра­ғасы Ростислав Коняш­кин­нің айтуынша, бұл қыз­мет лудо­маниямен байланысты жеке мәселелерді айтарлықтай төмен­детеді. Осы­лайша, кез келген азаматқа, әсіресе құмар ойын­дармен шектен тыс әуестенетін тұлғаларға барлық лицензияланған ойын мекемесі мен букмекерлік кеңселердің заңды сайттарына кіруге тосқауыл қойылады.

Соңғы жаңалықтар

Судан да сақтану керек

Қоғам • Бүгін, 22:35

Керек дерек

Digital • Бүгін, 09:50

Отандық жаңа зауыт іске қосылды

Экономика • Бүгін, 09:50

«Мен – Отан қорғаушымын!»

Байқау • Бүгін, 09:40