Оқиға • 07 Маусым, 2024

Алматыда заңсыз жұмыс істеген шетелдіктер ұсталды

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда көші-қон қызметінің қызметкерлері жеткізу қызметінің курьері болып заңсыз жұмыс істеген өзге ел азаматтарын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда заңсыз жұмыс істеген шетелдіктер ұсталды

Фото: Алматы ПД

«9 шетелдік көші-қон заңнамасының талаптарын бұза отырып жұмыс істеді. Атап айтқанда, олар Қазақстан азаматтарының тіркеуімен курьерлік алаңдардың бірінде тауарларды жеткізуге тапсырыс алып отырған. Сонымен қатар шетелдіктердің жеке басын куәландыратын құжаттары болмағаны анықталды», деді Алматы ПД көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары Геннадий Мен.

Тәртіп бұзған шетелдіктер қабылдау бөлмесіне орналастырылды. Олардың әрқайсысының жеке басын анықтау және одан әрі жауапкершілікке тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті