Заң • 11 Маусым, 2024

Бишімбаев пен Байжановтың апелляциялық шағымы судьяның қарауына жіберілді

48 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сот кабинетіндегі мәліметтерге сәйкес, Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжанов үкіміне қатысты шағым Апелляциялық сот алқасының қарауына жіберілді, деп жазады Egemen.kz.

Бишімбаев пен Байжановтың апелляциялық шағымы судьяның қарауына жіберілді

Фото: Жоғарғы сот

Іс бүгін, 2024 жылдың 11 маусымында судьяға жіберілді. 

Істің қабылданғаны мен алғашқы отырыс күні әлі белгісіз. 

27 мамырда елордалық сотқа Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты бірінші инстанция сотының үкіміне апелляциялық шағым түскені белгілі болды.

Еске салайық, осы жылдың 13 мамырында Қуандық Бишімбаев 24 жылға, Бақытжан Байжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Соңғы жаңалықтар