Банк • 12 Маусым, 2024

Елімізде тағы бір банк пайда болуы мүмкін

88 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандағы банктер қатарын тағы бір банк толықтыруы мүмкін. Бұл туралы 2024 жылдың 12 маусымында ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде тағы бір банк пайда болуы мүмкін

Фото: kursiv.media

Бұл туралы Ақордада Қазақстан мен Оңтүстік Корея президенттерінің келіссөздерінің қорытындысы бойынша айтылды. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Юн Сок Ёль БАҚ өкілдеріне ресми мәлімдеме жасады.

«Елде кореялық микроқаржы ұйымы жұмыс істейді, оны екінші деңгейлі банк ету туралы шешімді қолдаймын», деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Айта кетейік, бүгін, 12 маусым күні таңертең Ақордада Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Президент Юн Сок Ёльді салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.

Салтанатты рәсім аяқталғаннан кейін мемлекет басшылары келіссөздер залына кірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Юн Сок Ёльға шақыртуды қабыл алғаны үшін алғыс айтып, бұл сапарды екіжақты ынтымақтастықты тереңдетуге деген шынайы ниеттің көрінісі деп санайтынын атап өтті.