Аңдатпа • 13 Маусым, 2024

Аңдатпа: «Су перісі»

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

14 маусым - Астана қаласындағы Қуыршақ театрында Г.Х.Андерсеннің «Су перісі» мультфильмінің желісіне құрылған «Қайта оралған су перісі» ертегісі сахналанады. Режиссері – А.Салаева.

Аңдатпа: «Су перісі»

15 маусым - Орыс театрында...

М.Горький атындағы мемле­кеттік академиялық орыс драма театрын­да Э. Де Филиппоның «Брак по-итальянски» мелодрамасы қойы­лады. Режиссері – М.Филимонов.

 

19 маусым - Жастар театры – Қонаевта

Жастар театрының Қонаев қаласына гастрольдік сапары аясында «Жанарымдағы жалғыз әуен» атты театрландырылған концерттік бағдаралама ұсынылады.

 

20 маусым - «Күтпеген кездесу»

Атырау облыстық Махамбет атын­дағы академиялық қазақ драма театрында Н.Птушкиннің «Күт­пеген кездесу» комедиясының премьерасы өтеді. Режиссері – Е.Қауланов.