АҚТӨБЕ. 17 қаңтар. Ақтөбеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинар-кеңес өткізілді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Облыс әкімдігі мен мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бастамасымен ұйымдастырылған бұл семинар-кеңес сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың өзекті мәселелеріне арналды. Семинар кеңестің жұмысына облыстық атқарушы органдар, облыс бойынша тексеру комиссиясы, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары, «Нұр Отан» партиясы және «Атамекен Одағы» ҰЭП өкілдері қатысты.
Семинарға қатысушылардың алдында сөйлеген сөзінде облыс әкімі аппаратының басшысы Константин Петров іс-шараның мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру болып табылатынын атап өтті.
Өз кезегінде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департамент басшысының орынбасары, тәртіптік кеңес төрағасы Қайыржан Токушев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясының негізгі ережелерін түсіндірді. Сонымен қатар, бүгінде Агенттік пен оның аумақтық бөлімшелері елімізде сыбайлас жемқорлық деңгейін азайту үшін, мемлекет пен қоғам өмірінің әртүрлі саласында оның себептері мен жағдайларын жою үшін жүргізіп жатқан кешенді шараларға тоқталды.
Ол осындай сыбайлас жемқорлық коріністерін болдырмау мақсатында бүгінгі күні шенеуніктердің азаматтармен тікелей байланыстарын қысқартатын және сыбайлас жемқорлық көріністері үшін жағдайларды барынша азайтатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласын дамыту мен мемлекеттік аппараттың жұмысын ақпараттандыру жөнінде кешенді шаралар қабылдануда екенін жеткізді. Сонымен қатар, мәжіліс барысында 2014 жылды қорытып, 2015 жылға мемлекеттік органдардың жұмысын жақсарту бойынша міндеттер белгіленді.
Сатыбалды Сәуірбай.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: refcon.org.
• 17 Қаңтар, 2015
Ақтөбеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинар өткізілді

Иран өлім жазасына кесу бойынша әлемде бірінші орында
Әлем • Бүгін, 00:35
Жамбыл облысында жоғалып кеткен азамат дронның көмегімен табылды
Қоғам • Бүгін, 00:15
Сәкен Бибосынов титулдық жекпе-жектен қағылды
Спорт • Бүгін, 00:08
Ә.Қастеев музейіне бір түнде 15 мыңнан астам адам барды
Руханият • Кеше
Алматыға «Almaty Superski» жобасы не үшін керек?
Қоғам • Кеше
Астанада жол жөндеу жұмыстарына байланысты қозғалыс шектеледі
Инфрақұрылым • Кеше
Экономика өсімі бар, бірақ табыс неге артпайды? Министр жауап берді
Экономика • Кеше