АТЫРАУ. 19 қаңтар. «Атырау» футбол клубының құрамына украиналық Владимир Аржанов қабылданды. Ол мұнайлы өңір командасының шебінде жартылай қорғаушы ретінде ойнайтын болды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
В.Аржанов – запорожьдік «Металлург» командасының түлегі, қазір оның жасы 29-да. Осы команда құрамында алғашқы ойынын бастап, кейін өз елінің «Арсенал» (Киев), «Волынь» (Луцк) секілді ұжымдарында жартылай қоғаушы шебінде ойнаған. Ал Атырауға ауысқанға дейін Одессаның «Черноморец» клубында тәжірибе жинақтапты.
Оның алаңдағы жартылай қорғаушылық шеберлігіне тәнті болған украиналық жаттықтырушылар «Металлург» және «Арсенал» командаларының капитаны болу міндетін жүктепті. Украина чемпионатында 219 матчқа қатысып, қарсыластар қақпасына 32 гол соққан Аржановтың бойы –184 см. Ал салмағы 75 килоны құрайды. Ол Украина жастарының құрамасында 8 ойын өткізген. Осындай жетістігі бар Владимир Аржанов биылғы маусымда «Атырау» футбол клубының намысын қорғауға атсалысады.
Жолдасбек Шөпеғұл.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: isport.ua.
• 19 Қаңтар, 2015
«Атырау» футбол командасы сапында украиналық спортшы өнер көрсетеді

Сәкен Бибосынов титулдық жекпе-жектен қағылды
Спорт • Бүгін, 00:08
Ә.Қастеев музейіне бір түнде 15 мыңнан астам адам барды
Руханият • Кеше
Алматыға «Almaty Superski» жобасы не үшін керек?
Қоғам • Кеше
Астанада жол жөндеу жұмыстарына байланысты қозғалыс шектеледі
Инфрақұрылым • Кеше
Экономика өсімі бар, бірақ табыс неге артпайды? Министр жауап берді
Экономика • Кеше
Ішкі істер министрлігіне жаңа функция жүктелді
Үкімет • Кеше