Кеше, 19 қаңтар күні қазақстандық Юлия Галышева Австрияның Крайшбер қаласында өтіп жатқан фристайлдан әлем чемпионатында жұпты могул сайысында қола жүлдеге қол жеткізді.
Жарыстың бұл түрі бойынша бірінші орынды америкалық Ханна Кирни жеңіп алса, екінші нәтижені канадалық Жюстин Дюфур-Лапуант көрсетті. Ал кіші финалда Юлия келесі канадалық үш апалы-сіңлілердің бірі – Клоэ Дюфур-Лапуанттан басым түсіп, ақтық сынға жолдама алған болатын.
Бұдан бір күн ғана бұрын Юлия могул сайысында бесінші нәтиже көрсеткен еді. Онда Жюстин Дюфур-Лапуант бірінші болса, Ханна Кирни – екінші, ал австралиялық Бриттени Кокс үшінші тұғырға көтерілген еді.
Қалай дегенде де, Юлияның әлем чемпионатында үшінші орынға табан тіреуі – үлкен жетістік. Былтыр Сочи қысқы Олимпия ойындарында төрешілердің дұрыс бағаламауынан жүлдегерлер қатарына ілікпей қалған оның әділетсіздікке қапаланып, спортпен қоштасқысы келгенінен де хабардармыз.
Дегенмен, жаңа маусым жеткенде өзін өзі жеңе біліп, жаттығуын қайта жалғастырды. Бірақ өзіне спорт агенттігінің қызметін көрсеткеннен басқаға шамасы жоқ жеке жаттықтырушысы Елена Круглыхинадан бас тартуына тура келді. Ол мына жарысқа да сырт жақтың демеушілік етуімен барған екен.
Өскеменде 1992 жылғы 23 қазанда туған Юлия 2006 жылдан бері халықаралық жарыстарға қатысып келеді. Ол 2008 жылғы ақпанда немістің Шлирзе қаласында өткен Әлем кубогында жұпты могулда күміс жүлде алса, бірнеше күннен кейін шведтің Энгельберг кентінде могул мен жұпты могулдың екеуінде де алтын жүлдегер атанды. 2011 жылы Алматыда өткен Азия ойындарында да могулдан алтын медаль жеңіп алды. Өткен жылғы 13 желтоқсанда финнің Рука шаһарында ойналған Әлем кубогында спортшы қыз жұпты могулда алдына жан салмады.
Руслан ИГІЛІК.

Иран өлім жазасына кесу бойынша әлемде бірінші орында
Әлем • Бүгін, 00:35
Жамбыл облысында жоғалып кеткен азамат дронның көмегімен табылды
Қоғам • Бүгін, 00:15
Сәкен Бибосынов титулдық жекпе-жектен қағылды
Спорт • Бүгін, 00:08
Ә.Қастеев музейіне бір түнде 15 мыңнан астам адам барды
Руханият • Кеше
Алматыға «Almaty Superski» жобасы не үшін керек?
Қоғам • Кеше
Астанада жол жөндеу жұмыстарына байланысты қозғалыс шектеледі
Инфрақұрылым • Кеше
Экономика өсімі бар, бірақ табыс неге артпайды? Министр жауап берді
Экономика • Кеше