Спорт • 18 Маусым, 2024

Дерек пен дәйек

31 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Еуропа чемпионатының тұсаукесер бәсекелері бұған дейін мынадай есептермен аяқталған еді: 1960 жыл: Франция – Югославия 4:5, 1964 жыл: Испания - Мажарстан 2:1 (қосымша уақыт), 1964 жыл: Италия – КСРО 0:0, 1972 жыл: Бельгия – ГФР 1:2, 1976 жыл: Чехословакия – Нидерланд 3:1 (қосымша уақыт) пен Югославия – ГФР 2:4 (қосымша уақыт), 1980 жыл: Чехословакия – ГФР 0:1, 1984 жыл: Франция – Дания 1:0, 1988 жыл: ФРГ – Италия 1:1, 1992 жыл: Швеция – Франция 1:1, 1996 жыл: Англия – Швейцария 1:1, 2000 жыл: Бельгия – Швеция 2:1, 2004 жыл: Португалия – Грекия 1:2, 2008 жыл: Швейцария – Чехия 0:1, 2012 жыл: Польша – Грекия 1:1. 2016 жыл: Франция – Румыния 2:1 және 2020 жыл: Түркия – Италия 0:3.

Дерек пен дәйек

Фото: news.sportbox.ru

  • «Еуро-2024» турнирінің тұсаукесер кездесуінде Германия құрамасының жартылай қорғаушысы Тони Кросс әріптестеріне 102 рет пас берді. Соның 101-і оларға дәл жетті. Бұл – 99 пайыздық көрсеткіш! Сөйтіп, 1980 жылдан бергі кезеңді есепке алсақ, сол уақыттан бері өтіп жатқан қарт құрлықтың басты доп додасының жаңа рекордтық көрсеткіші тіркелді.
  • Аталған жарыста өнер көрсететін ең жас футболшылардың тізімін Ламин Ямаль бастап тұр. Испанияның ұлттық құрамасы мен «Барселонаның» вингері 13 шілдеде 17 жасқа толады. Содан кейінгі орындарда – Лео Зауер (Словакия, «Фейноорд») мен Варрен Заир-Эмерри (Франция, ПСЖ). Олардың екеуі де 17 жастағы жас жұлдыздар.
  • Германияда өтіп жатқан турнирдегі ардагер ойыншылардың алдыңғы легінде Пепе тұр. Португалия құрамасы мен «Порту» клубы қорғаушысының жасы 41-де. Ол 1983 жылдың 26 ақпанында туды. Дәл сол мемлекеттің мақтанышы әрі әлемдік футболдың шоқ жұлдызы Криштиану Роналду мен Хорватияның марқасқасы Лука Модрич 1985 жылдың тумалары. Роналду 5 ақпанда, Модрич 9 қыркүйекте дүниеге келді. 39 жасқа келсе де, жасыл алаңда жасындай жарқылдап жүрген осындай ойыншылардың өнеріне тамсанбау мүмкін емес.
  • Англияның футбол федерациясы отандастары «Еуро-2024» жарысының жеңімпазы атанған жағдайда командаға 11,3 миллион еуро көлемінде бонус беретінін жария етті. Ал ұлттық құраманың бас бапкері Гарет Саутгейттің есепшотына бірден 4,7 миллион еуро аударылады.