Елбасы • 20 Қаңтар, 2015

Нақты тапсырмалар берді

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қауіп­сіздік комитетінің төрағасы Нұртай Әбіқаевты қабыл­дады.

Нақты тапсырмалар берді

Н.Әбіқаев Елбасына ведом­ствоның қазіргі қызметі мен алдағы кезеңге арналған жұ­мы­сының не­гізгі міндеттері туралы баяндады. Кездесу барысында ха­лық­аралық терроризмге және экстремизмге қарсы тиімді іс-қимыл мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, мемлекеттік шекараны нығайтуға бағытталған шараларға да ерекше көңіл бөлінді. Қазақстан Президенті кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді. 

Соңғы жаңалықтар

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 08:00