Қоғам • 20 Маусым, 2024

«Жаңарудың» жаңа бастамасы

46 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сыбайлас жемқорлық – тамыры терең қоғамдық дерт. Оған қарсы күресудің сан алуан әдісі іске асып жатқанына қарамастан, түп-тамырына балта шабу әзірге мүмкін болмай тұр. Осы орайда қолына қалам мен микрофон ұстаған журналистер қауымының бұл індетпен күрестегі орны ерекше.

«Жаңарудың» жаңа бастамасы

Журналистердің төл мерекесі қарсаңында «Жаңару» жалпыұлттық қо­ғамдық бірлестігі арнайы жиын өт­кізіп, БАҚ өкілдерін жемқорлықпен күрес­­ке байланысты ортақ іске бір­лесе жұ­мылуға шақырды. Жиында мем­лекет­­­тік құрылымдарда, қоғамның бар­­­лық саласында әшкереленген жем­қор­лар­дың аты-жөнін, шыққан тегін, жүрген ортасын толық жазып көрсету­дің ма­ңызын, ащы жариялықты жұрт­тың есіне салып отырудың қажеттігі айтылды.

Мәдениет және ақпарат министр­лігінің жанындағы «Азаматтық бас­тама­ларды қолдау орталығының» қол­дауымен «Жастардың құқықтық сауат­тылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру іс-шаралар кешенін өткізу» атты әлеуметтік жоба аясында өткен іс-шараға елордалық танымал БАҚ басшылары мен өкілдері, студенттер қатысты. Жиында «Жаңару» бірлестігінің төрағасы Мэлс Семға­лиев, мемлекет және қоғам қайраткері Оралбай Әбдікәрімұлы, мемлекет және қоғам қайраткері Дархан Мыңбай, «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің вице-президенті Мұратбек Тоқтағазин, «Elorda Aqparat» бас директоры Олжас Сыдықбек, т.б. қонақтар ой-пікірін ортаға салды.

Іс-шарада сыбайлас жемқорлық­тың алдын алу жөніндегі ұсыныстарды журналистермен бірге талқылап, жа­уапты орындарға бірлесе даярлау мәсе­лесі көтерілді. Болашағын журналис­тикамен байланыстырған студенттер өздерін қызықтырған сауалдарын жолдап, тұшымды жауап алды. Жиын­ға қатысушы ұйымдар, редакция бас­шы­лары, заңгерлер, болашақ жур­нал­шы­лар сыбайлас жемқорлыққа қар­сы күресте күш біріктіру бойынша мемо­рандумға қол қойды.

Кездесу барысында қоғамдық ұйым­дар­дың, бұқаралық ақпарат құрал­дары­­ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мем­­лекеттік саясаттың жүзеге асы­ры­луы­­на қатысуы, «Жаңару» бірлес­тігі­нің жас­­­тар­дың құқықтық сауатын және құ­­қық қор­ғау органдарына деген сенім дең­­гейін арт­тыру мәселелері де талқы­ла­нып, жем­қорлыққа қарсы бірлесіп ат­қара­тын іс-қи­мылдарына байланысты идея­­лар мен ұсыныстар ортаға салынды.