Аймақтар • 20 Маусым, 2024

Алматыда жер сілкінді

55 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдайлар министрлігі бүгін, 20 маусым, сағат 16:36 шамасында Алматыда жер сілкінгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Алматыда жер сілкінді

Фото: egemen.kz/Ерлан Омар

«СБжЗҰҒО» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді. 

«Жер сілкінісінің координаттары: 40,227º N 77,569º шығыс. Жер сілкінісінің ошағы Алматының оңтүстігіндегі Қытай мен Қырғызстан аумағында 335 шақырым жерде орналасқан. Қарқындылық (баллда): Алматы - 2,0 балл», делінген ТЖМ хабарламасында.

Министрлік зардап шеккендер мен қирағандар туралы ақпарат түспегенін мәлімдеді.