Оқиға • 21 Маусым, 2024

Қостанай облысында суға кеткен екінші қыздың денесі табылды

99 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысында өзенге батып кеткен 16 жастағы екінші қыздың денесі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанай облысында суға кеткен екінші қыздың денесі табылды

фото: tolqyn.kz

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті оқиға Варваринка ауылындағы Аят өзенінің маңында болғанын хабарлады. 2008 және 2006 жылы туған жасөсіпімдер ата-анасымен демалып жүрген.  

Кеше құтқарушылар бір қыздың денесін су бетіне алып шыққанын хабарлаған едік.