Оқиға • 21 Маусым, 2024

Елордалық тұрғын балалар емханасында жанжал шығарды

51 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанадағы балалар емханасында әйел мен дәрігер арасында жанжал туды. Жанжал кезінде әйел дәрігердің телефонын сындырды. Бұл туралы 21 маусымда елорда әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордалық тұрғын балалар емханасында жанжал шығарды

Фото:top-news.kz

- Сағат 19:40 – та 41 жастағы әйел екінші қалалық балалар емханасында дәрігермен жанжал кезінде телефонын сындырып, басқа біреудің мүлкіне зиян келтірді, - делінген хабарламада.

Жанжал шығарған тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар әкімдік Астанада вандализм мен қоғамдық тәртіпті бұзу көріністеріне қарсы күрес жалғасып жатқанын айтты. Тәртіп сақшылары бұзақыларды анықтап, оларды жауапқа тартады.

«Сонымен, 71 жастағы қала тұрғыны 3 мамыр күні түстен кейін Абай даңғылы бойындағы №47 үйдің жанындағы тұрақта тұрған «Тойота Королла» көлігінің алдыңғы әйнегіне зақым келтірді.Тәртіп сақшылары тұрғынды тауып, «бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру» Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 147-1-бабы 1-бөлігі бойынша жауапқа тартты. Оған 20 АЕК айыппұл салынады немесе 15 тәулікке дейін қамауға алынады», делінген хабарламада.

Сондай-ақ қала әкімдігінің мәліметінше, дәл осындай оқиға 17 маусым күні сағат 23:30 шамасында Молдағұлова көшесі, 22/1 мекенжайында болған. 47 жастағы азамат Cherry Tigo 7 көлігінің фарасын қасақана зақымдаған. Келтірілген шығын көлемі шамамен 600 мың теңгені құрайды.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті