Қоғам • 22 Маусым, 2024

Астана әуежайында ұшу кестесі өзгерді

108 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана халықаралық әуежайындағы жағдайға байланысты әуе компаниялары жолаушыларға ескерту жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астана әуежайында ұшу кестесі өзгерді

- Құрметті жолаушылар, Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы әуе кеңістігінде қатынастың көптігіне байланысты 2-4 шілде аралығында әуекомпанияның ұшу кестесіне өзгерістер енгізілетінін хабарлаймыз. Ұшу кестесі өзгерген жағдайда жолаушылар билет сатып алу кезінде көрсетілген нөмірлер бойынша хабарлама алады. Ұшып шығатын жолаушыларға қауіпсіздік тексерісінен және тіркеу процедураларынан өту үшін әуежайға алдын ала келуге кеңес береміз. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз, - делінген FlyArystan компаниясы таратқан ескертуде.

Дәл осындай хабарландыруды өзге компаниялар да таратты.

SCAT, Qazaq Air және Air Astana 2-4 шілде аралығында Астана әуе кеңістігінде қатынастың көптігіне байланысты әуекомпанияның ұшу кестесі өзгеретінін хабарлады.

- Рейс мәртебесін сайтымызда немесе Air Astana мобильді қосымшасында тексеріп отыруыңызды сұраймыз. Тексерістен өтіп, уақтылы тіркелу үшін жолаушыларға әуежайға алдын ала келу керек, - дейді Air Astana компаниясынан.

Айта кетейік, қазір Астана халықаралық әуежайының ұшу-қону жолағында жөндеу жұмысы жүріп жатыр.