Денсаулық • 23 Маусым, 2024

Бурабайға демалысқа барған 14 бала тамақтан уланып қалды

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бурабай ауданында туыстарымен демалысқа барған 14 бала астан уланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бурабайға демалысқа барған 14 бала тамақтан уланып қалды

8-17 жас аралығындағы балалар аудан орталығындағы «Тұрар Халал» демалыс орнында таңғы ас ішкеннен кейін өздерін жайсыз сезінген. Кейін медициналық көмекке жүгінген. Олардың айтуынша, таңғы асқа әртүрлі тағам жеген.

Белігі болғандай, балалар аталған демалыс орнына туыстарымен бірге 20 маусымда келген.

Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, науқастар қажетті ем алған соң үйлеріне жіберілді.

Дәрігерлер улану дерегін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына хабарлаған. Енді мамандар қонақ үйдің дәмханасын тексеріп жатыр.