Спорт • Бүгін, 14:33

Жеңіл атлетика федерациясы мен Қазақ ұлттық спорт университеті меморандум жасасты

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Жеңіл атлетика федерациясы мен Қазақ ұлттық спорт университеті өзара ынтымақтастық туралы Меморандум қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жеңіл атлетика федерациясы мен Қазақ ұлттық спорт университеті меморандум жасасты

Фото: Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы

Қос тарап өкілдері – Жеңіл атлетика федерациясының Бас хатшысы Келбет Нұрғазина мен Қазақ ұлттық спорт университетінің ректоры Тұрсынзада Қуанғалиева маңызды құжатқа қол қойып, екі ұжым арасындағы ынтымақтастықты бекіте түсті. 

Меморандум аясында жеңіл атлетикадан Қазақстанның жазғы чемпионаттары ұлттық спорт университетінің базасында өткізілетін болып шешілді. Сондай-ақ, жеңіл атлетикадан ұлттық құрама спортшыларының жаттығу жиындарын оқу орнының базасында ұйымдастыру мәселесі оң шешім тапты.

Алдағы уақытта Қазақ ұлттық спорт университетінің қабырғасында халықаралық жарыстарды өткізу мүмкіндігі де қарастырылады. 

Екі ұжым арасындағы ынтымақтастық жалпы алғанда отандық жеңіл атлетиканы дамытуға, жоғары нәтижелі спортшыларды дайындауға және мамандардың біліктігін арттыруға бағытталған. 

Меморандум аясындағы алғашқы жарыстар 2026 жылдың маусым айынан бастап өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар