Оқиға • 24 Маусым, 2024

«Жағдайы әлі де ауыр». Отарда комаға түскен сарбаз есін жиды

86 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Отарда комаға түскен 19 жастағы сарбаз есін жиды. Бұл туралы сарбаздың әкесі Тимур Жаналин әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Жағдайы әлі де ауыр». Отарда комаға түскен сарбаз есін жиды

Фото: msk.gde-mrt.ru

Ол бұған дейін қолдау білдірген азаматтарға алғыс айтып, әлі де ұзақ уақытты қамтитын емдеу-сауықтыру шарасы күтіп тұрғанын айтты. 

«Біз сіздерге ұлымыздың комадан шыққаны туралы қуанышты жаңалықты жеткізуге асықпыз. Қазір дәрігерлер айтқандай, ол саңырау күйде. Бізді таниды, бұрын жасалған трахеостомияға байланысты әлі сөйлей алмайды. Бірақ жағдайы ауыр, диализ жасалады. Ол шамамен 6-8 сағатты алады. Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр. Сол үшін оларға алғыс айтамыз», деді Тимур Жаналин.

Отардағы әскери бөлімде мерзімді қызметін атқарып жүрген сарбаздың жағдайын Президент арнайы бақылауға алуды тапсырған еді