Оқиға • 25 Маусым, 2024

«Таза-Талас» коммуналдық кәсіпорын басшылары 7 жылға сотталды

61 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысындағы «Таза-Талас» коммуналдық кәсіпорнының басшылығы мемлекет мүлкін ұрлағаны үшін сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz

«Таза-Талас» коммуналдық кәсіпорын басшылары 7 жылға сотталды

Фото: gov.kz

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің хабарлауынша, Талас аудандық прокуратурасы «Таза-Талас» ШЖҚ КММ-нің балансындағы көліктердің ұрлану схемасын анықтады.

«Мекеме басшылығы жалған құжаттар негізінде, сатылымға шығарусыз 4 автокөлікті үшінші тұлғаларға сатқан. Мемлекетке келтірілген залал мөлшері 22 млн теңгені құраған. Аталған дерек негізінде Талас ауданының прокуратурасы ҚК 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен (кінәліге сеніп тапсырылған бөтен мүлікті адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, аса ipi мөлшерде талан-таражға салу фактісі бойынша) сотқа дейінгі тергеп тексеру бастаған», делінген хабарламада.

Қылмыстық істі облыстық прокуратураның сотқа дейінгі тергеу бөлімі тергеді. Іс аясында прокуратура құны 10 миллион теңге тұратын екі көлікті қайтарып, 7 миллион теңгені мемлекеттің пайдасына өндірді.

Талас аудандық сотының үкімімен «Таза-Талас» кәсіпорнының директоры мен оның орынбасары өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.