Пікір • 28 Маусым, 2024

Жауапкершілік жүгі басым кезең

44 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазір адамзат көгілдір экраннан көрсетілетін бағдарламаларға көп құлақ ілмейді. Тіпті кейде өздерінің естіген дүниелеріне сенгісі келмейді. Осы тұста ақпарат алаңындағы дағдарысқа тоқталғым келеді. Бүгінде көрермен не оқырман жарияланған ақпаратты күдікпен бақылайды. Әрі санасында «бұл біреудің теріс пікірі, үгіті, арандатушы ойы емес пе?» деген сауалға жауап іздейді. Өйткені кез келген пенде манипуляцияның құрбаны болудан қорқады.

Жауапкершілік жүгі басым кезең

Фото: uab.cat

Біз мұндай белгісіздік күйі мен оның пайда болу себебін зерттеп, мәселені көбірек қозғауымыз керек. Сондықтан кез келген ақпараттың нақты әрі тұшымды болуы маңыздылығы одан әрі артып отыр. Журналистиканың әр саласында қызмет ететін мамандар бұл жауапкершілікті анық түйсінуі қажет.

Жалпы, әлемде журналис­терге арналған барлығы 400-ге жуық Кәсіби этикалық кодекс бар. Оның басым бөлігі түрлі дәстүрге негізделгенімен, құндылықтар жүйесі ортақ. Ашып айтсақ, біріншісі – нақтылық, яғни ма­териалдағы деректердің нақты болуын қадағалауымыз міндетті. Екіншісі – еркіндік, журналистер насихатпен айналыспай, кәсіби стандарттарға сәйкес жұмыс істеуге тиіс. Үшінші қағидат – ақпараттың жан-жақтылығына зейін қою, бір оқиға туралы баяндағанда осы ұстанымды басшылыққа алуымыз керек деп өзіндік талап не ережені ұстанғаны абзал. Төртіншісі – адамгершілік қағидаты. Біз не істесек те, қоғамдық ұстанымдарды алғышарт ретінде алып, әрекеттенген дұрыс. Бесіншісі – жауапкершілік. Егер де қандай да бір қателік жасайтын болсаңыз, жауапкершілік алып, кешірім сұрау, залал келтірген жағдайда жәбірленуші тараппен сөйлескен тиімді. Осы қағидаларды ескерсек қана сапалы дүние жасаймыз.

 

Айдан УАЙТ,

«Ethical Journalism Network» негізін қалаушы және президенті