Аймақтар • 30 Маусым, 2024

Павлодарда қария 8-қабаттан секірмек болған

115 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар қаласының 102 арнасына таңғы сағат 03:40 шамасында Н.Назарбаев даңғылы бойындағы 91 үйдің 8-қабаты балконында ер адамның асылып тұрғаны туралы хабарлама келіп түскен, деп жазады Egemen.kz.

Павлодарда қария 8-қабаттан секірмек болған

Оқиға орнына патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Жанат Данияр, Нұржан Қалиев, Дамир Дүйсембаев және Бауыржан Нұрғазынов дереу келген.

- Біз барған кезде ер адам 8-қабаттың балконында асылып тұрды. Бірден жоғарыға көтерілдік. Әлгі балконға азаматтың пәтері арқылы ғана кіруге мүмкіндік болды. Оқиға орнында төтенше жағдай қызметкерлерімен бірге пәтердің есігін ашып, балконға өтіп, әріптесім төмен түсіп, ер адамды денесінен байлап, бірге жоғары шығардық. Ер адам болған оқиғаны түсіндіріп айтып беретіндей жағдайда болмады. Бөлмеде біз онымен тілдесіп, оның жақындарына керек екенін айттық. Сол сәтте біз үшін ең бастысы адамды құтқару болды. Әр секунд маңызды болды, – дейді қызмет инспекторы Нұржан Қалиев.

Полицейлер оны жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды.

Полиция департаментінде облыстағы тәртіп сақшылары күн сайын азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығы үшін қызметке кірісетінін баса айтты.