Спорт • 01 Шілде, 2024

«Оны құлатқан бірінші адам боламын». Шавкат Рахмонов жаңа жекпе-жек өткізуге келісті

2287 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ирландиялық UFC файтері Ян Гарри отандасымыз Шавкат Рахмоновты жекпе-жекке шақырды, деп жазады Egemen.kz vesti.kz-ке сілтеме жасап.

«Оны құлатқан бірінші адам боламын». Шавкат Рахмонов жаңа жекпе-жек өткізуге келісті

Фото: fighttime.ru

Ол Рахмоновпен жұдырықтасу ниетін UFC 303 турнирінде британдық Майкл Пейджді (22-3) жеңгеннен кейін айтты.

«Мен Шавкатпен жаттығу залында бірге дайындалдым. Рахмоновты сыйлаймын, бірақ оның жеңіліс нәтижесіндегі 0 көрсеткішін бұзамын. Оны жеңген бірінші адам болғым келеді, оны қалай істеу керек екенін білемін», деді Ян Гарри.

Ал Шавкат Рахмонов оның шақыртуына Х парақшасында іле-шала жауап берді. 

«Ян жаттығу кезінде не болғанын ұмытып қалған сияқты. Болашақта есіне түсіруге қарсы емеспін», деп жазды ол.

Айта кетейік, отандасымыз бұл жылы әлі жекпе-жекке шықпады. Ол кейінгі кездесуін былтыр желтоқсан айында өткізіп, америкалық Стивен Томпсонды (17-7-1) екінші раундта тізе бүктірген еді.

оо