Қоғам • 01 Шілде, 2024

Қостанайда Qnet қаржы пирамидасының басшысы сотталды

63 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанайда бес жыл ішінде ондаған инвесторды алдап, ақшасын қайтармаған Qnet қаржы пирамидасын құрған алаяқтың ісіне қатысты сот үкім шықты, деп хабарлайды Egemen.kz

Қостанайда Qnet қаржы пирамидасының басшысы сотталды

фото: abai.kz

Сот 2017 жылдың тамызынан 2022 жылдың қыркүйегіне дейін әйелдің өзін халықаралық QNet компаниясының тәуелсіз өкілі ретінде көрсеткенін түсіндірді. Осы уақыт ішінде сотталушы 94 инвестордан 86 млн теңгені иеленіп алған. 

Күдікті сотта кінәсін мойындаудан бас тартты.

«Сотталушының жеке басын, ұзақ уақыт бойы жасалған және өзі өтемеген 94 жәбірленушіге материалдық залал келтірген іс-әрекеттің сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін ескере отырып, сот И-ға алты жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындады. Сондай-ақ ол қаржы, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда басшы лауазымдарды атқару құқығынан  айырылды», деп хабарлады сот. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.