Аймақтар • 02 Шілде, 2024

Екібастұзда төтенше жағдай жарияланды

138 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Екібастұз билігі Екібастұз жылу электр орталығында жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін нысан ауқымында төтенше жағдай жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Екібастұзда төтенше жағдай жарияланды

Фото: exk.kz

«Energy Solutions Center» ЖШС-де болған төтенше жағдайға байланысты Екібастұз қаласындағы нысан ауқымында техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын», делінген құжатта.

Төтенше жағдай 1 шілдеден бастап күшіне енді. Қала әкімдігінің баспасөз қызметінде түсіндірілгендей, биылғы жылдың маусым айында Екібастұз ЖЭО «Самұрық-Энерго» АҚ-ның арнайы құрылған еншілес кәсіпорны «Energy Solutions Center» ЖШС сенімгерлік басқаруына берілді. Өткен жылы стансада негізгі және қосалқы жабдықтарға ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізілді. 10 қазандық қондырғының 8-і күрделі жөндеуден өтті, тағы екеуі биыл жөндеумен қамтылды, бұл жылу беру маусымындағы ақаулардың алдын алуға мүмкіндік берді.