Оқиға • 03 Шілде, 2024

Атырау саябағында аттракцион үзіліп, балалар зардап шекті

105 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау ойын-сауық саябағында аттракцион үзіліп, салдарынан бес бала зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz Azh.kz сайтына сілтеме жасап.

Атырау саябағында аттракцион үзіліп, балалар зардап шекті

Фото:Видеодан алынған кадр

Оқиға 2 шілде күні кешке «Керемет» саябағында болған. Әлеуметтік желіде пайда болған кадрларда «Форсаж» аттракционы құлап, адамдарды басып қалған.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше бес бала облыстық ауруханаға жеткізілген. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін төртеуі үйлеріне жіберіліп, бір бала ауруханада қалған.

«Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 306-бабының 2-бөлігі («Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе өткізу, жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету») бойынша қылмыстық іс қозғалды», деп хабарлады Атырау облыстық полиция департаменті.

Azh.kz сайтының мәліметінше саябақ әкімшілігі әзірге жағдайға қатысты пікір білдірмеген.

Айта кетейік, осыдан екі жыл бұрын Атырауда әткеншек үзіліп, балалар құлап қалған еді.