18 Маусым, 2010

АСТАНА ТҮЛЕКТЕРІ 1-ші ОРЫНДА

483 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жақында, Астана қаласы білім басқармасының бастығы Әсима Бимендина ұлттық бірыңғай тес­тілеу қорытындысы бойынша Астана қаласы мектеп бітіру­шілерінің қол жеткізген нәти­желеріне арналған баспасөз мәслихатын өткізді. Астана қаласы білім басқармасы бастығының айтуынша, елор­дамыздың түлектері алғашқы сұрыптау қорытындылары бойынша 1-орынға ие болды. Астана қаласы мектептерінің биылғы ҰБТ-ны тапсырған 3444 оқушысының орташа баллы 97,43 пайызды құрады. Ал республика бойынша бұл көрсеткіш 84,84 пайыз болды. Осыған қоса, Астана қаласының “үздік” ондыққа енген мектептердің тізімі және орташа баллы айтылды: дарынды балаларға арналған “Зерде” мектебі – 113 балл, №38 мектеп-лицей – 101,9 балл, “Мирас” халықаралық мектебі – 101,5 балл иеленді, сонымен бірге, №50, №60, №6, №48, №17 мектеп-лицейлері үздіктердің қатарына кірді. “Алтын белгіден” үміткер 133 оқушының 90-ы өз білімдерін дәлелдеп шықса, 102 түлектің 39-ы ғана үздік аттестатты еншіледі. Астана қаласында ең жоғары көрсеткіш – 125 баллға №40 орта мектеп түлегі Сағындық Ғизат ие болды. Конференцияда апелляциялық комиссияның атқарған жұмысына, оған қоса бір жыл бойы дайындалған ҰБТ сұрақтарына сын айтылды. Әсима Бимендина мектеп психолог­тарының өз жұмыстарын жақсы жағынан көрсеткенін мәлімдеп, алғысын білдірді. Шыңғыс МЫРЗАХМЕТ, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті.