Саясат • 04 Шілде, 2024

Тұрғындардың айтары бар

24 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат төрағасының орынбасары Ольга Пере­печина сенаторлар Әсем Рахметова және Ләззат Қалтаевамен бірге Сол­түстік Қазақстан облысына келіп, жергілікті тұрғындармен кездесті.

Тұрғындардың айтары бар

Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен және мәслихат депутаттарымен кездесуде көктем­гі су тасқынының салдарын ­жою, зардап шеккендерге әлеумет­­тік көмек көрсету, мүгедек ­адам­­дардың құқықтарын қор­ғау, тағы басқа мәселелер талқыланды.

Сондай-ақ сенаторлар VIII шақырылымның II сессиясында атқарылған жұмыстарға тоқ­талды. Атап айтқанда, Сенат вице-спикері Ольга Перепечина Палатаның 102 заң мақұлдағанын, депутаттық бастамалар аясында 33 заң әзірленіп қабылданғанын атап өтті. Ал Үкімет пен мемле­кет­тік органдарға азаматтарды алаңдататын өзекті мәселелер кө­терілген 200 депутаттық сауал жолданды.

«Біз өңірлерде халықпен кездесіп, жұртшылықты толғандыратын мәселелерді талқылаймыз. Кейін оларды Үкіметпен бірлесіп, пысықтаймыз. Біз «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында жұмыс істейміз. Сондықтан жұмысымызға сын көзбен қара­уымыз керек. Біз банктік және ақ­параттық жүйелердің ашық­тығын күшейту бағытында да жұмыс жүргізіп келеміз», деді Ольга Перепечина.

Сапар барысында депутаттар Петропавлдағы облыстық перинаталдық орталық базасында ашылған «Қамқорлық» ерте араласу орталығына барды. Мұнда облыс тұрғындарына тегін қызмет көрсетіледі.