Қаржы • 04 Шілде, 2024

Бизнес шығынын өтеуге 12 млрд теңге бөлінеді

36 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ел Үкіметі алапат су тасқынынан кейін шағын және орта бизнестің мүлікке қатысты шығындарын өтеу үшін өз резервінен 12 млрд теңгеден астам қаржы бөлу туралы қаулы қабылдады. Өңірлік комиссиялар кәсіпкерлердің өтінімдерін қабылдап жатыр.

Бизнес шығынын өтеуге 12 млрд теңге бөлінеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бо­­йынша Үкімет су тасқыны салдарын жою бойынша кешенді жұмыс жүргізіп жа­тыр. Қабылданып жат­қан шаралар­дың ішінде азаматтар­ды жаңа тұрғын ­үймен қамтамасыз ету, біржолғы қаржы­­лық көмек көрсету, үйлерді жөндеу ­мен қалпына келтіру шығындарын өтеу, т. б. бар.

Зардап шеккен бизнеске келтіріл­ген залалды өтеу жұмысы басталды. Қа­зір­гі таңда өңірлік комиссиялар шағын және орта кәсіп­керлік су­бъектіле­рі­нің жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеге 178 өтінімін қарап, мақұлдады.

Жалпы алғанда, әкімдіктердің алдын ала бағалауы бойынша 746 ШОБ субъектісі зардап шекті. Олардың қатарында азық-түлік дүкені, дәмха­на, ТҚКО, қонақүй, басқалары бар. Бүгінде бағалау және сметалық жұмыстар жүргізілуде, олардың қорытындысы бойынша өтінімдер өңірлік комиссиялардың қарауына енгізіледі.

Осылайша, Үкімет резервінен 12 млрд теңгеден астам қаражат ШОБ мүлік шығындарын өтеу үшін Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақ­стан облыстарының бюдже­тіне аударылады.

Су тасқыны салдарын жою жө­ніндегі жұмыс Үкімет бас­шы­лығы­ның тұрақты бақылауына алынған. Бұған дейін төтенше резервтен Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында әуе­дегі электр беру желілерін қалпына келтіруге 2,4 млрд теңгеден астам қар­жы бөлінген болатын.