Саясат • 04 Шілде, 2024

Қырғызстан ШЫҰ жастарының цифрлық форумын өткізуге ниетті

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2025 жылы ШЫҰ жастарының цифрлық форумы өтеді. Айтулы іс-шара Қырғызстанда өтеді деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Қырғызстан ШЫҰ жастарының цифрлық форумын өткізуге ниетті

Фото: Сұлтан Досалиев

Астанада ШЫҰ саммиті өтіп жатыр. Жиын барысында Садыр Жапаров Александр Лукашенконы Беларусь Республикасының ШЫҰ-ның толыққанды мүшесі мәртебесін алуымен құттықтады.

Kazinform агенттігі хабарлағандай, Садыр Жапаров алдағы 2025 жылы ШЫҰ жастарының цифрлық форумын Қырғызстанда өткізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді. 

«Пандемия және климаттың өзгеруі, экономикалық тұрақсыздық сынды жаһандық сын-қатерлер кезеңінде біздің бірлігіміз бен бірлескен күш-жігеріміз осы кедергілерді еңсерудің кілті саналады. ШЫҰ-ның даулы жағдайларды белсенді саяси және дипломатиялық реттеуге деген ұмтылысы маңызды болып қала береді», деді Садыр Жапаров.

Соңғы жаңалықтар

Қайтқан активте қайыр бар  

Заң • 21 Маусым, 2025

Полицейді неге бөтенсиміз?

Пікір • 21 Маусым, 2025

Ауылдың «ауруын» жасырмайық

Пікір • 21 Маусым, 2025

Жедел жәрдем жұмысындағы жаңалық

Медицина • 21 Маусым, 2025

Емхана – ел игілігіне

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

Жол жаңарту жалғасады

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

100 жүк вагоны шығарылды

Өндіріс • 21 Маусым, 2025