Қоғам • 05 Шілде, 2024

Тұңғыш рентген кімге жасалды?

76 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кей ғалымдар болашақ өнер­та­­бысына бірнеше жылын сарп етсе, енді біреулердің аяқ астынан жа­саған дүниесі жаңалыққа айналады. Бірақ қалай болғанда да алғашқы сынақтың орны ерекше.

Тұңғыш рентген кімге жасалды?

Әйгілі ғалым Вильгельм Рентген 1895 жылы 22 желтоқсанда түскі тамақтан соң әйелі Бертаны өзі жасаған аппарат жанына алып келеді. Сөйтіп, одан айтқанын бұл­жытпай орындауды өтінеді. Түкке тү­сін­бе­ген Берта күйеуінің айтқанын екі етпейді. Біраздан соң күйеуі оның қолына адамның кеуде тұсындағы ішкі құрылысының көшірмесін ұсынады. Иә, рентген суретін алу әдісі тұңғыш рет осылай жасалған еді. 1901 жылы В.Г. Рентгенге физика саласынан тұңғыш Нобель сыйлығы тапсырылды.