Қоғам • 06 Шілде, 2024

Құрылыс барысымен танысты

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенаторлар Советбек Медебаев пен Серік Шайдаров Ұлы­тау облысының тұрғындарымен кездесіп, өңірдегі өзекті мәселе­лерді талқылады. Олар кездесу барысында Парламент Сенаты депутаттарының өткен сессиядағы заң шығару қызметінің қорытындысы туралы ауыл тұрғындарына айтып берді.

Құрылыс барысымен танысты

Сенаторлар сондай-ақ қоғам қайраткерлерімен және мәслихат депутаттарымен кездесіп, өңір тұрғындарын толғандыратын өзекті мәселелерді шешу туралы пікірлерімен бөлісті. Талқылау заң шығарудан бастап, аймақ­тың нақты мәселелеріне дейінгі тақырыптар ауқымын қамтыды.

Сенаторлар сонымен қатар сапалы ауызсумен жабдықтауды қам­­тамасыз ету мақсатында жаңа тех­нологияларды енгізу жос­пар­­ланып отырған Жезқазған қала­сын­дағы ауызсу тазарту-шаруа­шылық құрылысын жаңғырту жобасымен де танысты.

«Жезқазғанның жаңа батыс ауданына магистралдық жылу желісін салуға, Үйтас-Айдос су құбырын салуға жергілікті атқа­рушы органдар ерекше назар аудару қажет. Бұл жобалар облыс орталығының тұрғындарын сумен қамтамасыз ету, жы­лу­мен жабдықтау сапасын жақсар­туға тиіс», деді сенатор Советбек Медебаев.

Парламентшілер Ұлытау ауданында болып, су тасқынынан зардап шеккен от­ба­сыларға арналып салынып жат­қан Жезді кентіндегі үй­лер құрылысымен танысты. Сенаторлар құрылыстың қарқы­ны мен сапасына ең алдымен тұрғындардың өздері риза болуы маңызды екенін атап өтті.