Қоғам • 06 Шілде, 2024

Қазақстанда жаңа көліктер сатылымы екі есеге артты

83 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда жаңа көліктер сатылымы екі есеге артты. Data Hub аналитикалық арнасының мәліметі бойынша, Астана мен Алматыда бір жылдағы көлем 60 пайыз болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда жаңа көліктер сатылымы екі есеге артты

Tengri Auto жазғандай, 2023 жылы бөлшек сауда ұйымдары жаңа жеңіл автомобильдерді 1,9 триллион теңгеге сатқан. Бұл ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, былтырғымен салыстырғанда номиналды мәнде 105 пайызға артық.

Сатудың негізгі бөлігі, яғни бір жылдың жалпы көлемінің 60 пайызы Астана мен Алматыға тиесілі.

ҰСБ мәліметінде, сатылған автомобильдердің нақты саны көрсетілмеген. Алайда, қазақстандық автомобиль одағының деректері бойынша, 2023 жылы ресми дилерлер 199 мың жаңа жеңіл және коммерциялық автомобильдерді сатқан, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 60 пайызға артық.