ANTIKOR • 10 Шілде, 2024

СҚО Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшысы ұсталды

107 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің (ҚАЖД) бастығы Әділет Мұстафинов ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

СҚО Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшысы ұсталды

Фото: СҚО ҚАЖД баспасөз қызметі

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің басшысы ұсталды», деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

Бұған дейін «Президентке хат» Telegram-арнасы 9 шілде күні Ә.Мұстафиновтың белгісіз бір әйелден 1 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікпен өз кеңсесінде ұсталғанын хабарлаған еді.

«Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», делінген хабарламада.

Мұстафинов 2023 жылдың мамыр айынан бері Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментін басқарып келеді.