Банк • 11 Шілде, 2024

«Qanysh Sátbaev» монетасы

48 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Ұлттық Банкі «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясымен «Qanysh Sátbaev. 125 jyl» коллекциялық монеталарын айналымға шығарады.

«Qanysh Sátbaev» монетасы

Қазақстан Ұлт­тық банкінің хабарлауын­ша, монеталар шыға­рылымы геолог-ғалым, ғылым және қоғам қай­­­раткері, профессор, Қазақ КСР Ғылым ака­­де­миясының тұң­ғыш президенті Қа­ныш Сәтбаевтың 125 жыл­дығына арналған. Ака­демиктің даңқты есімі қала, университет, тау-кен металлургия комбинаты, мемориалдық музей, институттар, мектептер мен көшелердің атауларында мәңгі сақталған. Оның құрметіне еліміздің көптеген қаласында ескерткіштер орнатылды. Тіпті ғалымның атын­дағы ғаламшар барын да жақсы білеміз. Ал Сәтбаев монетасының айналымға шығуы нұр үстіне нұр емес пе?

Монета номиналы 2000 теңгелік және 200 теңгелік болып екі түрде шығады. Таралымы – 300 данамен шығатын 2000 теңгелік монетада марганец рудасының, ми­нералдың түсін білдіретін күрең қызыл түске ие тантал сақинасы бар. Ай­та кетейік, Қаныш Сәт­баев Жезді ауылының маңынан марганец рудасын тауып игерген. Бұл металл Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде броньды техникаға арналған болат қорытпалар өндірісінде кеңінен қолданылған.

Ал мельхиор қоспа­сынан дайындалған 200 теңгелік монета 5000 данамен шығады. Монетаның массасы – 15 грамм, диа­метрі – 33 мм, сапасы – brilliant uncirculated.

Айта кетейік, мо­не­таның барлық түрін еліміздің бүкіл аума­ғын­да өзінің белгіленген құны­мен төлемнің кез кел­ген түрінде қабыл­дау­ға, банк шоттарына есепке алуға, ауда­руға, ұсақ­тауға және айыр­бас­тауға болады.