Еңбек • 25 Шілде, 2024

Темір балқытқандар құрметке бөленді

96 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Өскемендегі Спорт сарайында мерекелік іс-шара өтті. «Қаз­цинк» компаниясы металлургтерге ғана құрмет көрсетіп қой­май, бүгінгінің батырларына да «Ізгі жүрек» сыйлығын та­быс етті.

Темір балқытқандар құрметке бөленді

фото: www.gov.kz

Спорт сарайының кіре­бе­­рі­сінде іс-шара қо­нақ­тарына, қала тұр­ғын­дарына арналған мерекелік ойын-сауық, сауда-саттық, фото­зо­­н­алар ұйымдастырылды. Келу­ші­­лерге балмұздақтар таратылды.

Ресми бөлімі бастала сала «Қаз­цинк» компаниясының бас директоры Жанат Жанботин бейнеқұттықтау жолдады.

– Осы мереке күні мен барша еңбеккерлерімізді кәсіби жетіс­тіктері мен еліміздің өнеркәсібін дамытуға қосып жүрген елеулі үлестері үшін шын жүректен құттықтаймын. Бар­шаңызға мық­ты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін. Әр күндеріңіз тек қуаныш пен сәттілік әкелсін! – деді Жанат Дүйсенұлы.

Жиында отандық метал­лур­гияның бастауында тұрған еңбек әулеттеріне де құрмет көрсетілді. Олар туралы бейнероликтер көп­шілік назарына ұсынылды.

Салтанатты кеште дәстүр бо­йынша «Ізгі жүрек» марапаты табысталды. «Қазцинк» кәсіпорны тағайындаған аталған сыйлық өз өмірі мен денсаулығын қатерге тіге отырып, адамдарды құтқарып қалған ержүрек азаматтар қашанда құрметке лайық. Бір ай бойы izgi-jurek.kz сайтында үміткерлерге дауыс беру жүргізілді. Үш жеңім­паз­дың әрқайсысы осы кеште арнайы шағын мүсіндер мен 1 млн теңге мөлшеріндегі ақшалай сыйлыққа ие болды.

Сыйлық иегері Андрей Смоль­ников өртеніп жатқан үйден екі бала мен олардың аналарын алып шықса, Денис Шемет оқу-жаттығу кезінде кенеттен жарылған жа­уын­­герлік гранатадан жас сарбаз­ды өз денесімен жауып қалған. Офицер өзі жарақаттанғанымен, сарбаз дін-аман.

– Оқу-жаттығуда оқыс оқи­ға болды. Жауынгерлік гранат сар­баздың қасына құлады. Жарылатынын білдім. Ойланып тұратын емес, бірден әлгі солдатты өз денеммен қалқалап қалуға тырыстым. Гранатаның үш жарықшағы маған тиген екен, екеуі әлі де менің денемде жүр, – дейді Денис Шемет.

Үшінші сыйлық Бұқтырма су қоймасында суға батып бара жатқан 13 жасар жеткіншекті құтқарған ТЖД қызметкері Ела­ман Нұқышевке берілді. Батыл жігіт­терге сыйлықтарды Олим­пиада чемпионы, атақты жеңіл атлет Ольга Рыпакова табыс етті.

Құрмет көрсетіліп, алғыс айтылған соң «Қазцинк дауысы» шығармашылық байқауының финалистері сахнаға шығып, өз өнерін көрсетті. Олардың бәрі де – осы компанияның қарапайым қызметкерлері. Десе де, өнерден құр алақан емес екенін дәлелдеді. Салтанатты кеш соңында белгілі әншілер Карина Абдуллина мен Садраддин өнер көрсетіп, жастарға қуаныш сыйлады.

 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Кеше

Жезді жәдігерлері

Көрме • Кеше

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Кеше

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Кеше

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Кеше

Аңдатпа

Аңдатпа • Кеше