
Аталған монетаның алдыңғы жағында ипподром фонында атқа мінген екі шабандоз бейнеленген. Ал жоғарғы жағында Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының эмблемасы және «Аt Chabysh» монетасының атауы жазылған жазба, сондай-ақ 10 сом монетаның номиналы көрсетілген. «Ат чабыш» коллекциялық монетасы Қырғыз Республикасының аумағында ресми төлем құралы мәртебесіне ие. Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық спорт түрлері бойынша әлемдегі ең ірі жарыстар 8-14 қыркүйек аралығында Астанада өтеді. Елорда әлемнің әр елінен 100 мыңға жуық туристі қабылдауға дайындалып жатыр.