
Жақында ғана Англияның Конгхэм қаласында ұйымдастырылған ұлулар арасындағы әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Айта кетейік, бұл байқау жыл сайын дәстүрлі түрде өтеді. Биылғы жарыстың жеңімпазы Джефф есімді кәсіби ұлу болды. Ол 34 сантиметр қашықтықты 4 минут 3 секундта еңсерді. Джеффтің иесі, Линкольнширдан келген Саймон Лиллей ұлуын көктемнен бастап жаттықтырған. «Еңбек ақталды» деген осы, мінекей.